Семинардың мақсаты – қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы заманауи педагогикалық әдіс-тәсілдерді, цифрлық технологиялар мен инновациялық тәжірибелерді, жасанды интеллект платформаларын тиімді қолдану жолдарын талқылау, мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және тәжірибе алмасу арқылы білім сапасын жетілдіру. Семинар барысында аудан мектептеріндегі қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімдері заманауи оқыту технологияларын, цифрлық платформаларды қолдану тәжірибесін, тиімді әдіс-тәсілдерді талқылап, […]
Форумның мақсаты: -Отбасы құндылықтарын насихаттау, әкенің бала тәрбиесіндегі рөлін арттыру және мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту; Форум барысында әкелер бала тәрбиесіндегі жауапкершілік, ұлттық құндылықтар және отбасы бірлігі, балаға үлгі болудың маңызы жөнінде тәрбиелік бағыттағы ойларын ортаға салды. Мектеп өміріне белсене араласып, бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп жүрген әкелер Алғыс хатпен марапатталды. Форум жоғары деңгейде […]
Кездесу барысында құқықбұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау, сондай-ақ оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері жан-жақты талқыланды. Гүлжанат Тұрдыбайқызы оқушыларға заң нормаларын түсіндіріп, күнделікті өмірде жиі кездесетін құқықтық жағдайлар бойынша нақты мысалдар келтірді. Жиналыс барысында оқушылар белсенділік танытып, пікірлерімен бөлісті. Ашық форматта өткен кездесу жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға оң ықпал етті. #заңдықұрметтейтінұрпақ #құқықтықсауаттылық
Мақсаты: -Оқушыларға ұлттық ойынымызды дәріптеу, салауатты өмір салтын насихаттау; -Ұйымшылдыққа және жеңіске деген жігерін қалыптастыру; Ойын барысында оқушылар 2 топқа бөлініп, өзара бақ сынасты. Ойын балалардың ептілігін, күшін және бірлесіп әрекет ету қабілетін дамытуға үлкен мүмкіндік берді.
Мақсаты: -Құрғақ жүн техникасымен таныстыру; -Ұлттық ою-өрнек арқылы сәндік панно жасауды үйрету; -Қолөнерге қызығушылық пен эстетикалық талғамды дамыту; Өткізген: көркем еңбек пәні мұғалімі: Сармысова Арайлым
Осы айтулы күнге орай бүгін мектебімізде “Наурыз керуені: ауылдан-ауылға” атты бірлестіктер арасында ерекше сайыс өткізілді. Сайысқа қатысқан әр бірлестікке арнайы ауыл атаулары беріліп, таныстырылды. 1.”Жығылған” ауылы-қоғамдық-гуманитарлық бірлестігі; 2.”Сарытас” ауылы-жаратылыстану бірлестігі. 3.”Қаңға” ауылы-бастауыш сыныптар бірлестігі. 4.”Қарағантүп” ауылы-кіші қызметкерлер ұжымы. Сайысқа қатысушылар халқымыздың салт-дәстүрлерін дәріптеп, ұлттық тағамдар ұсынып, өз өнерлерін ортаға салды. Әр ауыл өз ерекшелігін көрсетіп, […]
Мақсаты: -Өскелең ұрпаққа тәрбие беру, отансүйгіштік сезімді қалыптастыру; -ардагерлердің өмірлік тәжірибесі мен өнегелі жолын үлгі ету; -туған елге, жерге деген сүйіспеншілікті арттыру және азаматтық жауапкершілікке баулу; Кездесуге мектеп директоры Абишова Жанар Абишовна мен 11-сыныптың жас түлектері қатысты. Кездесу барысында ардагерлер өздерінің өмір жолы мен еңбек тәжірибесі туралы әсерлі әңгіме өрбітті. Оқушыларға адал еңбек етудің, үздіксіз […]