Мектебімізде “Берекелі отбасы-табысты бала” тақырыбында әкелер форумы өтті
Форумның мақсаты:
-Отбасы құндылықтарын насихаттау, әкенің бала тәрбиесіндегі рөлін арттыру және мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту;
Форум барысында әкелер бала тәрбиесіндегі жауапкершілік, ұлттық құндылықтар және отбасы бірлігі, балаға үлгі болудың маңызы жөнінде тәрбиелік бағыттағы ойларын ортаға салды.
Мектеп өміріне белсене араласып, бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп жүрген әкелер Алғыс хатпен марапатталды.
Форум жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.
Ұрпақ тәрбиесіне бағытталған бұл форум отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайтып, бала тәрбиесіндегі әкенің рөлін айқындай түскен тағылымды кездесу болды.