Мектеп психологының ұсынысы

Мектеп психологы Ілиясқызы Меруерт 5-8 сынып оқушыларына «Мен өмірді таңдаймын» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.
Тренингтің мақсаты: Оқушыларға өмірдің маңыздылығын ұғындыру, жағымды ойлау мен болашаққа сенім қалыптастыру;
Қатысушылардың өз ішкі әлемін, эмоциялары мен мақсаттарын түсінуіне көмектесу;
Қиын жағдайларда  дұрыс шешім қабылдауға үйрету;
Өмірлік қиындықтарда қолдау бар екенін сезіндіру;
Тренингке қатысқан оқушылар психологпен ашық әңгімелесе отырып, өзара сенімді байланыс орнатып, өз ойларын еркін жеткізе білді.
9 сәуір күні мектеп психологы Ілиясқызы Меруерт, тәрбие жұмысының орынбасарлары және  сынып жетекшілердің қатысуымен 5-6 сынып оқушыларына жиналыс өткізілді.
 Оқушыларға әлімжеттік көрсету түрлері мен оның психологиялық әсері, бір-біріне құрметпен қарау мәдениеті, өзара сыйластық, түсіністік атмосферасын орнату, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес, қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Және де оқушылардың тәртібі,  мектеп формасының сақталуы да ескертілді.

+ 7 (777) 777 1234

info@psiho.kz.

Ата-аналар мен балаларға арналған

Lorem Ipsum is simply dummy text of the printing and typesetting industry. Lorem Ipsum has been the industry’s standard dummy text ever since the 1500s, when an unknown printer took a galley of type and scrambled it to make a type specimen book.

Мектеп психологы Ілиясқызы Меруерт 8-сынып оқушыларына «Менің өмірге деген көзқарасым»  тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.
Мақсаты:Оқушылардың өзін-өзі тануына, өмірге деген оң көзқарасын қалыптастыруға, болашаққа сенімділікпен қарауға ықпал ету;
Жасөспірімдердің эмоционалдық жағдайын жақсарту, өмірлік мақсаттарын анықтауға көмек беру;
Тренинг барысында оқушылар болашаққа деген сенімдерін нығайтуға, өз ойларын ашық білдіруге, топта еркін жұмыс жасауға дағдыланды.
Өмірге «Иә» деп айт» онкүндігі аясында оқушыларға арналған «Көңілді үзіліс» шарасы өтті. Шара барысында «Өзіңді таны,өзіңді қабылда»  психологиялық сәт айдары, көңіл-күйлерін көтеру, сергіту мақсатында ойындар жүргізілді.
“Өмірге Иә деп айт!” тақырыбындағы педагогикалық-психологиялық қолдау қызметінің онкүндігі аясында  мектеп психологтарының ұйымдастыруымен  “Баланың өміріне бейжай қарамайық” тақырыбында ата-аналармен психологиялық еркін кездесу күнін өткізді.
Іс-шара мақсаты: Балалардың өмірі мен қауіпсіздігіне қоғамның, ата-аналардың және педагогтардың жауапкершілігін арттыру, бала құқығын қорғау, психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсету маңыздылығын түсіндіру. Қатысушыларға баланың жан дүниесін түсіну, оның қажеттіліктерін ескеру және немқұрайлықтың алдын алу жолдарын үйрету.
«Өмірге „Иә“ деп айт!» психологиялық онкүндігі аясында 5–7 сынып оқушылары арасында «Дос бола білейік» тақырыбында командалық ойындар өткізілді. Іс-шара барысында оқушылардың өзара қарым-қатынасын нығайту, достық пен бірлікті қалыптастыру мақсатында түрлі командалық тапсырмалар ұйымдастырылды. Қатысушылар бір-біріне қолдау көрсетіп, ынтымақтастық пен сыйластықтың маңызын түсініп, жағымды эмоцияға бөленді.