🔖“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы “Өнегелі 15 минут” жобасы аясында дене шынықтыру пәні мұғалімі Бақытжанов Қуат бастауыш сынып оқушылары арасында “Арқан тартыс” ойынын ұйымдастырды
Мақсаты:
-Оқушыларға ұлттық ойынымызды дәріптеу, салауатты өмір салтын насихаттау;
-Ұйымшылдыққа және жеңіске деген жігерін қалыптастыру;
Ойын барысында оқушылар 2 топқа бөлініп, өзара бақ сынасты. Ойын балалардың ептілігін, күшін және бірлесіп әрекет ету қабілетін дамытуға үлкен мүмкіндік берді.