«Е.Өмірбаев атындағы ЖББМ» КММ-де «Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың заманауи әдістемесі: тәжірибе және жаңашылдық» тақырыбында тілші мұғалімдердің аудандық әдістемелік семинары болып өтті
Семинардың мақсаты – қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы заманауи педагогикалық әдіс-тәсілдерді, цифрлық технологиялар мен инновациялық тәжірибелерді, жасанды интеллект платформаларын тиімді қолдану жолдарын талқылау, мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және тәжірибе алмасу арқылы білім сапасын жетілдіру. Семинар барысында аудан мектептеріндегі қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімдері заманауи оқыту технологияларын, цифрлық платформаларды қолдану тәжірибесін, тиімді әдіс-тәсілдерді талқылап, өзара тәжірибе алмасып өз ойларын ортаға салды. Семинар жұмысы баршамызға жаңа идеялар мен кәсіби серпін берді.