• Жаңалықтар
  • Оқушыларға
  • Мектеп түлектері
  • Ата-аналарға
  • Тамақтану
+7 (7292)2-23-62
×
  • Басты
  • Мәлімет
    • Әкімшілік
    • Біздің мұғалімдер
    • Мектеп туралы
    • Байланыс
    • Фотогалерея
    • Бос лауазымдар
  • Құжаттар
    • Аттестация
  • Кәсіптік бағдар
  • Тәрбие жұмысы
    • Тәрбие жоспары
    • Жазғы демалыс
    • Мектеп психологының жұмысы
    • «Мектепке жол» акциясы
    • Іс-шара
  • Біздің жетістіктер
  • Ашық үкімет
    • Қамқоршылық кеңес
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
    • Мемлекеттік қызмет

Мектебімізде еліміздің әлеуметтік және экономикалық салаларының дамуына үлес қосқан, ауданымыздың құрметті азаматтары-Сарбасов Жәңгірхан және Есбергенов Жамаладин ардагерлеріміздің қатысуымен биылғы жас түлектерімізбен тәрбие мен отансүйгіштікке бағытталған тағылымды кездесу өтті.

26.03.2026adminNews

Мақсаты: -Өскелең ұрпаққа тәрбие беру, отансүйгіштік сезімді қалыптастыру; -ардагерлердің өмірлік тәжірибесі мен өнегелі жолын үлгі ету; -туған елге, жерге деген сүйіспеншілікті арттыру және азаматтық жауапкершілікке баулу; Кездесуге мектеп директоры Абишова Жанар Абишовна мен 11-сыныптың жас түлектері қатысты. Кездесу барысында ардагерлер өздерінің өмір жолы мен еңбек тәжірибесі туралы әсерлі әңгіме өрбітті. Оқушыларға адал еңбек етудің, үздіксіз білім алудың маңыздылығын айтып, қазіргі қоғамда сұранысқа ие мамандықтар жөнінде құнды кеңестерімен бөлісті. Ардагерлер жас түлектерді елін сүйетін, жауапкершілігі жоғары азамат болуға шақырып, алдағы үлкен өмір жолында дұрыс таңдау жасап, биік белестерді бағындыруларына тілектестік білдірді. Кездесу соңында ардагерлеріміз түлектерге ақ батасын беріп, сәттілік тіледі. Тағылымы мол бұл кездесу жас түлектерге рухани серпін беріп, болашаққа деген сенімдерін нығайта түсті.Қатысқаны: 18 оқушы, 5 мұғалім

+7 777 777 7777

info@school.kz

Государственное учреждение

Соңғы жаңалықтар

  • Өзін-өзі бағалау 2025-2026 оқу жылы Июн 16

  • «Е.Өмірбаев атындағы ЖББМ» КММ-де «Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың заманауи әдістемесі: тәжірибе және жаңашылдық» тақырыбында тілші мұғалімдердің аудандық әдістемелік семинары болып өтті Июн 8

    Семинардың мақсаты – қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы заманауи педагогикалық...

  • Жазғы демалыс кезінде балалар қауіпсіздігіне ерекше назар аударайық! Июн 8

© 2026