ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Күмісбай Орынтай қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Креативті идеялар» облыстық конкурсының «Сабақта АКТ қолдану арқылы нәтижелі білім берудің оң қадамдары» бағытына қатысып, аудандық кезеңінен 2-орынды, облыстық кезеңінен 3-орынды иеленді.


Аудандық “Дәуірдің дара ұстазы” атты Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған олимпиадаға қатысқан мектебіміздің жас маманы Кадимова Гүлдана Саматқызы 3-орынға ие болды.


«Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар кинофестивалінің аудандық кезеңінде мектебіміздің 5-сынып оқушысы Аманкелдіұлы Нұрболат «Ойынды кино» номинациясы бойынша жүлделі 1-орынды иеленіп, облыстық кезеңнен де 1-орынды қанжығасына байлап, Республикалық кезеңге жолдама алды. Ерболатұлы Әділбек «Бейнеролик» номинациясы бойынша аудандық кезеңде жүлделі 1-орынды иеленіп, облыстық кезеңде III дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: жас маман, Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі […]
More