Наурыз-жаңару мен жаңғырудың, ізгілік пен бірліктің мерекесі

Осы айтулы күнге орай бүгін мектебімізде “Наурыз керуені: ауылдан-ауылға” атты бірлестіктер арасында ерекше сайыс өткізілді.
Сайысқа қатысқан әр бірлестікке арнайы ауыл атаулары беріліп, таныстырылды.
1.”Жығылған” ауылы-қоғамдық-гуманитарлық бірлестігі;
2.”Сарытас” ауылы-жаратылыстану бірлестігі.
3.”Қаңға” ауылы-бастауыш сыныптар бірлестігі.
4.”Қарағантүп” ауылы-кіші қызметкерлер ұжымы.
Сайысқа қатысушылар халқымыздың салт-дәстүрлерін дәріптеп, ұлттық тағамдар ұсынып, өз өнерлерін ортаға салды. Әр ауыл өз ерекшелігін көрсетіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Сайысқа белсене қатысып, ұлттық құндылықтарды ұлықтап, салт-дәстүрлерді насихаттағаны үшін әр ауыл жүлделі орындармен марапатталды.
Бұл сайыс ұлттық құндылықтарды насихаттап ғана қоймай, ұжым арасындағы бірлік пен ынтымақты арттыра түсті.