Мектеп директоры Ж.Абишова, оқу ісі жөніндегі орынбасар Р.Реукенова, 11 сынып оқушылары мен сынып жетекшілері және пән мұғалімдерінің қатысуымен ата-аналар жиналысы өткізілді

Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. Қыркүйек-қаңтар айлары аралығындағы ұлттық бірыңғай тестілеудің Edutest.kz және DAMOO kz. сайттары бойынша оқушылардың сынақ нәтижесін талдау.
2. Қаңтар айындағы ҰБТ-2026 қорытындысы.
3. Қауіпсіздік шаралары.
4. Ағымдағы мәселелер.
Жиналыс барысында қыркүйек-қаңтар айлары аралығындағы ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижелері талданып, оқушылардың пән бойынша көрсеткіштері айтылды. Сонымен қатар қаңтар айындағы ҰБТ-2026 қорытындысы таныстырылып, білім сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстар айтылды. Оқушылардың қауіпсіздігіне байланысты маңызды ережелер мен сақтық шаралары ескертілді
