”Өмірге Иә!” деп айт онкүндігі аясында 10-сынып оқушылары арасында “Өмірге хат” тақырыбында эссе жазу ұйымдастырылды

Іс-шараның мақсаты-оқушылардың өмірге деген оң көзқарасын қалыптастыру, олардың ішкі жан-дүниесін шығармашылық жұмыс арқылы жеткізуіне мүмкіндік беру. Эссе барысында оқушылар өмірдің мәні, адамгершілік құндылықтар, арман-мақсат, достық, денсаулық және болашаққа сенім туралы ойларымен бөлісті.