Кітапханаға экскурсия

«Балалар кітапханасы» жобасы аясында 1-сынып жетекшісі Олжабаева Динара оқушыларымен бірге аудандық балалар кітапханасына саяхат жасап, кітап қорымен танысты.
Мақсаты: Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, білімге деген құштарлығын ояту;
Кітапханашылар оқушыларға кітапты қалай таңдау керек және ұқыпты пайдалану туралы кеңес берді. Сонымен қатар балаларға арналған шағын экскурсия ұйымдастырылып, пазлдар құрастырылып, сурет бойынша мақал-мәтелдерді тауып, ертегілер оқылды.

