Тазалық-табалдырықтан басталады

Бүгін мектебіміздің ұстаздары мен кіші қызметкерлері бірігіп, мектеп ауласына сенбілікке шықты.
Сенбілік-бұл ұжымдық рухты, ауызбіршілікті көрсететін керемет шара. «Тазалық-табалдырықтан басталады» демекші, барлық әріптестер жұмыла кірісіп, мектеп ауласындағы қоқыстарды жинап, белсенділік танытып, өз үлестерін қосты.


