Мектеп директоры
Абишова Жанар Абишовна 1971 жылы 27 ақпанда Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласында туылған. Білімі жоғары, мамандығы педагог-психолог. Бітірген оқу орны Орталық Азия университеті. Білім саласында 32 жыл еңбек өтілі бар.
1990 жылы С.М.Киров атындағы орта мектепте орыс тілі мамандығы бойынша жұмысқа қабылданды.
2008 жылы Е.Өмірбаев мектебіне мектеп психологы лауазымы бойынша педагогикалық қызметін жалғастырды.
2012 жылыТүпқараған ауданы Баутин ауылындағы Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясына мектеп директорының бейін оқыту жұмысы жөніндегі орынбасар лауазымына тағайындалды.
2023 жылы Форт-Шевченко қаласындағы Форт-Шевченко мектеп-лицейіне мектеп директорының бейін оқыту жұмысы жөніндегі орынбасар лауазымы бойынша педагогикалық қызметін жалғастырды.
2025 жылы 16 мамырда Есбол Өмірбаев атындағы жалпы білім беретін мектепке басшылық қызметке тағайындалды.
Осы еңбек жолында облыстық, республикалық семинарларда өз тәжірибесімен бөлісіп келеді. 2013 жылы Қостанай қаласында, 2014 жылы Ақтөбе облысы Шұбарқұдық ауылында өткен семинарда өз тәжірибесімен бөлісті. 2015 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Заманауи мектептердегі кәсіби бағдар беру жұмысы оқушыларға кәсіби өзін-өзі анықтаудағы қалыптастыру факторы ретінде» тақырыбында жүргізілген дөңгелек үстөлде «Кәсіптік бағдарға жол» атты презентация қорғап, сертификат иеленді. 2016 жылы облыстық «Жастар жетістігі» қоғамының ұйымдастыруымен өткізген облыстық семинарда тренерлік қызмет көрсетіп, қордың Алғысымен марапатталды. 2025 жылы шілде айында республикалы «Жас лидер: болашаққа апаратын жол» тақырыбындағы форумға қытысып, өз тәжірибесімен бөлісті. 2024 жылы Қанипа Бітібаева атындағы республикалық байқауға қатысып, «Үздік әдіскер» номинациясында І дәрежелі дипломмен марапатталды. 2015 жылы Облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен, 2016 жылы Білім саласын бақылау департаментінің Құрмет грамотасымен, 2019 жылы Облыстық білім басқармасының Алғысымен, 2020 жылы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор жеке үлесі үшін Білім және ғылым министрлігінің Алғысымен, 2021 жылы білім беру жүйесін дамытуға және аймақтағы әдістемелік қызметті ұйымдастыруға қосқан зор еңбегі үшін Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Құрмет грамотасымен, 2023 жылы Маңғыстау облысы әкімінің Алғысымен марапатталды.