ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
Кезекті оқу жылының аяқталуына байланысты мектеп бітіру іс-шараларына шектеулер енгізілгенін ескертеміз.
🎓 4, 9 және 11-сынып бітірушілеріне байланысты:
🔹 Мектеп қажеттілігіне ақша жинауға;
🔹 Мұғалімдер мен мектеп әкімшілігіне сыйлықтар беруге;
🔹 Аниматор, студия, агенттік қызметтерін шақыруға;
🔹 Мектеп ішін жөндеуге немесе безендіруге қаржы жинауға;
🔹 Автокөлікпен шығарып салу, ойын-сауық, дәмхана, мейрамхана, саябаққа бару секілді шараларды ұйымдастыруға;
🔹 Аттестат табыстау кезінде мерекелік дастархан жаюға ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!
🔔 Сізден осы талаптарға түсіністікпен қарап, балаларыңыздың қауіпсіздігіне бейжай қарамауыңызды сұраймыз.
✅ Басты мақсатымыз – балаға сапалы білім мен саналы тәрбие беру!


