Мектебімізде Түпқараған ауданы ПБ бастығының бірінші орынбасары, полиция майоры М.
Шойынбаевтың қатысуымен 7–11 сынып оқушылары арасында «Жеке қауіпсіздік – басты назарда» тақырыбында жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында оқушыларға жеке қауіпсіздікті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпті жағдайларда өзін-өзі қорғау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты:
Жеке қауіпсіздікті сақтау және құқық бұзушылықтың алдын алу;
Буллинг пен кибербуллингтің алдын алу;
Заңсыз ақша табуға жол бермеу және құқықтық сауаттылықты арттыру.