Заң және тәртіп
Мектебімізде тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлардың ұйымдастыруымен ұлдар жиналысы өткізілді.
оқушыларға құқықбұзушылықтың алдын алу, мектеп ережелерін сақтау, буллинг пен кибербуллингке жол бермеу мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар мектеп формасының белгіленген талаптарға сай болуы, оқулықтарды ұқыпты пайдалану және олардың үнемі тексеріліп отыратыны ескертілді. Оқушыларға қоғамдық орындарда және мектеп қабырғасында өзін мәдениетті ұстау, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, өз ісіне жауапкершілікпен қарау қажеттігі айтылды.
Жиын барысында ұл балалардың бойында тәртіптілік, әдептілік, жауапкершілік және азаматтық ұстаным қалыптастыруға бағытталған маңызды ойлар ортаға салынды.
«Жақсы тәртіп – жарқын болашақтың бастауы!» ✨

