Адал азамат – ел болашағы!
1 қыркүйек Білім күніне орай «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында 1-11 сыныптарға бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.
Сынып сағатында оқушылар Ата Заңымыздың ел өміріндегі маңызы туралы пікір алмасып, азаматтық жауапкершілік, адалдық, отансүйгіштік және ұлттық құндылықтар жайында ой бөлісті. Сонымен қатар әр азаматтың қоғам алдындағы міндеті мен құқықтары туралы түсініктерін кеңейтті.
Ата Заң – елдігіміздің айбыны, бірлігіміздің берік негізі!