• Жаңалықтар
  • Оқушыларға
  • Мектеп түлектері
  • Ата-аналарға
  • Тамақтану
+7 (7292)2-23-62
×
  • Басты
  • Мәлімет
    • Әкімшілік
    • Біздің мұғалімдер
    • Мектеп туралы
    • Байланыс
    • Фотогалерея
    • Бос лауазымдар
  • Құжаттар
    • Аттестация
  • Кәсіптік бағдар
  • Тәрбие жұмысы
    • Тәрбие жоспары
    • Жазғы демалыс
    • Мектеп психологының жұмысы
    • «Мектепке жол» акциясы
    • Іс-шара
  • Біздің жетістіктер
  • Ашық үкімет
    • Қамқоршылық кеңес
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
    • Мемлекеттік қызмет

Мектебімізде “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасының “Заң және тәртіп” құндылығы аясында “Мектеп, ата-ана, бала және қоғам” тақырыбында  ата-аналарға ашық есік күні ұйымдастырылды

Мектебімізде “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасының “Заң және тәртіп” құндылығы аясында “Мектеп, ата-ана, бала және қоғам” тақырыбында  ата-аналарға ашық есік күні ұйымдастырылды
13.04.2026adminБез рубрики

Мақсаты:

-Мектеп,ата-ана, бала және қоғам арасындағы ынтымақтастықты нығайту, құқықтық мәдениетті  қалыптастыру және жас ұрпақты жауапкершілікке тәрбиелеу;

Мектеп директоры Абишова Жанар Абишовна келген қонақтарды таныстырып,  мектептің білім сапасы мен оқу жетістіктері, білім сапасын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті. 

Ашық есік күніне дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының оқу ісі жөніндегі орынбасары Садыкова Раиса Изимбергеновна қатысып, 6-сынып оқушыларын аталған білім ордасында білім алуға шақырды. Ол өз сөзінде оқушыларға сапалы білім алудың маңыздылығын түсіндірді.

Аудандық ПБ бастығының  бірінші орынбасары Д.Шойынбаев  интернеталаяқтықтың алдын алу және жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында  оқушыларға қауіпсіз интернетті пайдалану ережелері түсіндіріліп, алаяқтардың арбауына түспеу жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, құқықбұзушылықтың салдары мен жауапкершілігі жөнінде кеңінен ақпарат беріліп, заң талаптарын сақтау қажеттігі ерекше атап өтілді. 

Түпқараған гумантарлық-кәсіптік колледжінің аға оқытушысы Адилханова Гүлжан сұранысқа ие мамандықтар, еңбек нарығындағы өзгерістер және әртүрлі кәсіби бағыттардың ерекшеліктері, колледжде оқытылатын мамандықтар туралы ақпарат берді.

Аудандық жедел құтқару жасағының мамандары суда қауіпсіздік сақтау және судағы төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша практикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Судағы қауіпсіздік ережелері таныстырылып,суға кету жағдайында алғашқы көмек көрсету тәсілдері көрсетілді. 

Ашық есік күні барысында ата-аналар пән мұғалімдері және сынып жетекшілермен кездесіп, өз балаларының білімі мен тәртібі туралы пікір алмасты. Ата-аналар ашық есік күні барысында QR код арқылы өз пікірлері мен  ұсыныстарын білдіріп, кері байланысын жасады.

https://www.facebook.com/share/r/1BoYq636R5/?mibextid=wwXIfr

+7 777 777 7777

info@school.kz

Государственное учреждение

Соңғы жаңалықтар

  • Өзін-өзі бағалау 2025-2026 оқу жылы Июн 16

  • «Е.Өмірбаев атындағы ЖББМ» КММ-де «Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың заманауи әдістемесі: тәжірибе және жаңашылдық» тақырыбында тілші мұғалімдердің аудандық әдістемелік семинары болып өтті Июн 8

    Семинардың мақсаты – қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы заманауи педагогикалық...

  • Жазғы демалыс кезінде балалар қауіпсіздігіне ерекше назар аударайық! Июн 8

© 2026