Материалдар
“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасының “Ұлттық ойын-ұлт қазынасы” шарасы аясында мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Көрпебаев Азамат 9-сыныптар арасында қазақтың ұлттық ойыны “Қазақ күрес” ойынын өткізді. Мақсаты: -Қазақтың ұмытылып бара жатқан ұлттық ойынын жаңғырту; -оқушылардың ойынға деген қызығушылығын арттыру; -үзіліс уақытын тиімді пайдалану; Іс-шара барысында оқушыларға қазақ күресінің ережелері түсіндіріліп, қауіпсіздік талаптары сақтала отырып, жарыс жоғары деңгейде өткізілді. Қатысушылар белсенділік танытып, өз күштері мен ептіліктерін көрсете білді. Ұлттық ойын арқылы оқушылардың спортқа деген қызығушылығы артып, салауатты өмір салтын ұстануға баулыды. Өткізілген “Қазақ күрес” ойыны тәрбиелік және спорттық тұрғыда өз мақсатына жетті. Оқушылар ұлттық спорт түрінің маңызын түсініп, батылдыққа, шыдамдылыққа, әділ бәсекеге және бір-бірін құрметтеуге тәрбиеленді. Сонымен қатар, оқушылардың дене дайындығы нығайып, командалық рухы мен өз-өзіне деген сенімділігі артты. Қатысқаны: 12 оқушы мен 1 мұғалім
