2 маусым күні мектеп жанынан ашылған «Қуаныш мекені» балалар лагері өз жұмысын бастады.

Лагерьдің алғашқы күні ұйымдастырылу,үйірме жұмыстары жүргізіліп, 3 маусым күні лагерьдің ашылу салтанатты өтті. Жиында мектеп басшысы құттықтау сөз сөйлеп,»V.I.P.», «Imperial», «Элита» топтары өздерін таныстырды. Сондай-ақ әр топтың өнерлі оқушылары өнерлерін ортаға салып, концерттік бағдарлама тамашаланды.