• Жаңалықтар
  • Оқушыларға
  • Мектеп түлектері
  • Ата-аналарға
  • Тамақтану
+7 (7292)2-23-62
×
  • Басты
  • Мәлімет
    • Әкімшілік
    • Біздің мұғалімдер
    • Мектеп туралы
    • Байланыс
    • Фотогалерея
    • Бос лауазымдар
  • Құжаттар
    • Аттестация
  • Кәсіптік бағдар
  • Тәрбие жұмысы
    • Тәрбие жоспары
    • Жазғы демалыс
    • Мектеп психологының жұмысы
    • «Мектепке жол» акциясы
    • Іс-шара
  • Біздің жетістіктер
  • Ашық үкімет
    • Қамқоршылық кеңес
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
    • Мемлекеттік қызмет

Заң және тәртіп айы

Заң және тәртіп айы
08.05.2025adminБез рубрики

«Заң және тәртіп айы» аясында мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі  орынбасарлары және педагог-ұйымдастырушы, тәлімгердің ұйымдастыруымен, мектеп түлегі, ішкі істер бөлімінің үздік қызметкері, ел ағасы, құқық саласының ардагері Кетебаев Атқощы Аманғалиұлы және «Жақсылар жанымыздың серігі» кітабының авторы, әріптесі Қуанышбек Қоржынбайұлымен «Өрлікпен өрілген өмір» атты тағылымды кездесу кеші өткізілді.

Бұл кеш-өмір жолы ерлікке, еңбекке, өнегеге толы тұлғалармен жүздесіп, олардың жүріп өткен дара жолымен танысатын рухани мәні терең шара.

Кеш барысында:

-Қонақтармен ашық сұхбат;

-Бір үзік сыр. (Ұстаз, әріптес, достың сыр шертуі, лебізі);

-Сұрақ-жауап айдары 

Қонақтарымыз өмірлеріндегі маңызды сәттерді, ұмытылмас естеліктерді айта отырып, жастарға бағыт-бағдар берді. «Жас сақшы» сынып оқушыларының өнерін тамашаланды.

Құрметті қонағымыз Атқощы Аманғалиұлының ұлттық аспабымыз домбырада орындаған әні мен күйі ұстаздар мен оқушыларға рухани азық сыйлап, кештің мазмұнын арттыра түсті.

Мектеп директорының уақытша міндетін атқарушы Ахметова Айнұр Өндірғалиқызы қонақтарымызға  Алғыс хат пен «Мәуелі бәйтерек» энциклопедиясын сыйға тартты.

Кеш соңында ұстаздар мен оқушылар қадірлі қонақтармен бірге естелік суретке түсіп, әсерлі сәттердің шуағын жүректерінде сақтап қалды.

Кеш барысында айтылған әрбір сөз, әрбір естелік-өскелең ұрпаққа үлгі, өнеге боларлық рухани байлық болды.

+7 777 777 7777

info@school.kz

Государственное учреждение

Соңғы жаңалықтар

  • Өзін-өзі бағалау 2025-2026 оқу жылы Июн 16

  • «Е.Өмірбаев атындағы ЖББМ» КММ-де «Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың заманауи әдістемесі: тәжірибе және жаңашылдық» тақырыбында тілші мұғалімдердің аудандық әдістемелік семинары болып өтті Июн 8

    Семинардың мақсаты – қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы заманауи педагогикалық...

  • Жазғы демалыс кезінде балалар қауіпсіздігіне ерекше назар аударайық! Июн 8

© 2026