Кәсіптік бағдар

Мектебіміздің 2024 жылғы түлегі ІІМ  Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының 2-курс курсанты Есимбет Лунара  10-11 сынып оқушыларына бағыт-бағдар беріп, академия жайында  бейнеролик көрсету арқылы түсіндірді. Кездесу барысында оқушыларға құқық қорғау саласындағы мамандықтар, академияда даярланатын кадрлар, оқу үдерісінің ерекшеліктері, білім беру бағдарламалары, курсанттардың күн тәртібі мен тұрмыстық жағдайлары туралы кең көлемде мәлімет берілді. Сонымен қатар академияға түсу талаптары, ҰБТ пәндері, өту балдары, медициналық тексеруден өту тәртібі, дене шынықтыру дайындығына қойылатын талаптар және мемлекеттік грант негізінде білім алу мүмкіндіктері жан-жақты түсіндірілді. Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтар  қойып, құқық қорғау органдарында қызмет атқарудың жауапкершілігі мен маңыздылығы жөнінде нақты мәлімет алды. Аталған ақпараттық-түсіндірме жұмыстары оқушылардың болашақ мамандықты саналы түрде таңдауына, құқық қорғау саласына деген қызығушылықтарын арттыруға оң ықпал етті.

26-қыркүйек күні 5 «А», «Ә» сынып оқушыларына Жұмысшы мамандықтар, «Кәсіптер әлеміне алғашқы қадам» таныстыру сабағы өтті. Мақсаты: Білім алушыларға жұмысшы мамандықтардың қоғамдағы орны мен маңызын түсіндіру, еңбек адамына деген құрметті қалыптастыру және болашақта осы кәсіп түрлеріне оң көзқарас қалыптастыру. Сабақ барысында құрылысшы, дәнекерлеуші, жүргізуші, электрик, аспаз, тігінші, егінші сияқты жұмысшы мамандықтары туралы мәлімет беріліп, олардың күнделікті өмірде және қоғам дамуында атқаратын рөлі түсіндірілді. Оқушылар «Қай жұмысшы мамандық саған ұнайды?», тақырыбында әңгімелеп, өз ойларын ортаға салып, қағазға түсірді.

«Кәсіптер әлеміне алғашқы қадам» атты таныстыру сабағы оқушыларға еңбек адамдарының қоғамдағы орны мен жұмысшы мамандықтарының болашағын танытуда үлкен тәрбиелік мәнге ие болды. Шара нәтижесінде білім алушылар жұмысшы мамандықтарына оң көзқарас қалыптастырып, болашақ мамандық таңдауға бағыт алды.

Қыркүйек айында 9-сынып оқушыларына Мамандықтар жайында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушылар бірнеше колледж видеороликтерін көріп,мамандықтарымен танысты. Оқушылар белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап ала алды.

Қыркүйек айында 11-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру бағытында ақпараттық-түсіндірме жұмысы жүргізіліп,оқушылардан Мамандық таңдауға дайындығын анықтау сауалнамасы алынды. Оқушыларға ҰБТ-ның шекті балы, грант түрлері (мемлекеттік, облыстық, жеке қорлар гранттары) және қос дипломды білім беру бағдарламалары жайлы мәлімет берілді. Түсіндірме барысында грантқа құжат тапсыру тәртібі, оқу орындарын таңдау ерекшеліктері, сондай-ақ қос диплом арқылы шетелде білім алу мүмкіндіктері талқыланды. Оқушылар белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

25 қыркүйек күні «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында 11-сынып түлектерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу Форт-Шевчкенко мектеп-лицейінде өтті. Шара барысында оқушыларға Enbek.kz платформасының мүмкіндіктері таныстырылып, ондағы мамандықтар мен еңбек нарығындағы сұранысқа ие қызметтер жайлы мәлімет берілді. Сонымен қатар, «Мансап компасы» жобасы негізінде кәсіби бағдарлау жұмыстары жүргізіліп, түлектерге болашақ мамандық таңдауда бағыт-бағдар ұсынылды.

16 қыркүйек күні 6 «А» және 6 «Ә» сынып оқушыларының болашақ мамандықтарға деген бейімділігін анықтау мақсатында «Кәсіби бейімділік» тақырыбында сауалнама жүргізілді.

Сауалнама оқушылардың қызығушылықтары мен қабілеттерін зерттеуге бағытталды.
Жиналған деректер алдағы кәсіптік бағдар жұмыстарына негіз болады.
23 қыркүйек 8 «А» және 8 «Ә» сыныптарында оқушылардың оқу мен өмірдегі жетістікке ұмтылу деңгейін анықтау мақсатында «Жетістікке мотивацияны бағалау» тақырыбында сауалнама жүргізілді.

Сауалнама оқушылардың ішкі және сыртқы мотивация деңгейін, мақсат қою мен оған жетуге деген ұмтылысын бағалауға бағытталды.

Жұмыс барысында оқушылар сауалдарға жауап

беруде белсенділік танытты, өз ойлары мен қызығушылықтары бойынша пікір білдірді. Жиналған нәтижелер әр оқушының жеке мотивациялық ерекшелігін анықтап, болашақтағы тәрбиелік және психологиялық қолдау жұмыстарына негіз болады.

Сьюзен Деллингер әдісі бойынша «Психогеометриялық тест» нәтижелері

Мақсаты:

Бастауыш сынып оқушыларының (1-4 сынып) тұлғалық ерекшеліктерін қарапайым геометриялық фигуралар арқылы анықтау.

Әдістің мазмұны:

Сьюзен Деллингер ұсынған «Психогеометриялық тест» — жеке тұлғаның психологиялық бейнесін фигуралар арқылы зерттеу тәсілі. Оқушыға бес геометриялық фигура ұсынылады:

Шаршы (0)

Үшбұрыш (Δ)

Тік төртбұрыш

Шеңбер (О)

Зигзаг (≈)

Оқушы өзіне ең ұнайтын фигураны таңдайды.

Таңдаған фигура арқылы оның мінез-құлық ерекшеліктері мен жеке тұлғалық қасиеттері айқындалады.

Фигуралардың сипаттамасы:

Шаршы – ұқыптылық, еңбексүйгіштік, тәртіпке бейімділік.

Үшбұрыш – көшбасшылық, табандылық, мақсатқа ұмтылушылық.

Тік төртбұрыш – ізденімпаздық, тұрақсыздық кезеңінде өзін табуға ұмтылу.

Шеңбер – мейірімділік, қарым-қатынасқа ашықтық, эмоционалдық тұрақтылық.

Зигзаг — шығармашылық, жаңашылдыққа бейімділік, еркін ойлау. Жүргізілуі:
Тест 1-4 сынып оқушыларына фигуралар көрсетіліп, өз қалауларына сәйкес

Тамыз айында «Talimger” жобасы аясында өткізілген 72 сағат көлеміндегі «Мектеп пен колледжде кәсіптік бағдар жұмысының әдістемесі және кәсіпкерлік пен бизнес негіздерін оқыту» бағдарламасы бойынша курстан өткен сәтіміз. Сертификат табыстау сәті!

Бүгін мектебімізде Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжінің мамандары 9-10 сынып оқушыларымен кездесіп, мамандықтар бойынша түсінік жұмыстарын жүргізді.
Колледждің арнайы пән оқытушысы Әділханова Гүлжан Ғалымқызы мен басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Таңатарова Айгүл білім алушыларды  оқу орнының мамандық атаулары мен қабылдау шарттары, колледждің артықшылықтары, жоғары деңгейдегі тәжірибелі оқытушылары және заманауи білім беру технологияларымен қамтамасыз етілгені туралы айтып, түсіндірілді.