Мектеп психологы Ілиясқызы Меруерт 5-8 сынып оқушыларына «Мен өмірді таңдаймын» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.
Тренингтің мақсаты: Оқушыларға өмірдің маңыздылығын ұғындыру, жағымды ойлау мен болашаққа сенім қалыптастыру;
Қатысушылардың өз ішкі әлемін, эмоциялары мен мақсаттарын түсінуіне көмектесу;
Қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға үйрету;
Өмірлік қиындықтарда қолдау бар екенін сезіндіру;
Тренингке қатысқан оқушылар психологпен ашық әңгімелесе отырып, өзара сенімді байланыс орнатып, өз ойларын еркін жеткізе білді.






