Мектебіміздің 7-8 сынып оқушыларына лазерлік құрылғылардың қауіптілігі туралы түсіндірме жұмысы жүргізілді. Түсіндіру барысында олардың медицинада, өндірісте, ғылыми зерттеулерде және тұрмыста пайдалы құрал болып табылғанымен, адам денсаулығына өте зиян екендігі, көздің көру қабілетін зақымдайды, тіпті соқырлыққа әкелуі мүмкін,теріні күйдіруі мүмкін екендігі айтылды. Лазерлік құрылғыларды заңсыз немесе дұрыс пайдаланбау қоғамға үлкен қауіп төндіруі мүмкін екендігі жете түсіндірілді.
Оқушылардың үзіліс уақытын тиімді пайдалану үшін 3-сынып оқушылары арасында «Сурет бойынша мақал-мәтелді тап» ойыны өткізілді.
Мақсаты:
-Оқушыларға сурет бойынша мақал-мәтелді тапқызу арқылы ойлау қабілетін дамыту;
-тапқырлыққа баулу және халық даналығын түсінуге тәрбиелеу.
Ойын барысында оқушыларға әртүрлі суреттер ұсынылып, сол суретке сәйкес келетін мақал-мәтелді табу тапсырылды. Оқушылар белсенді қатысып, өз ойларын еркін жеткізе білді. Ойын оқушылардың ойлау қабілетін дамытып қана қоймай, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырды.