Бастауыш сынып жетекшілері Қоңыршаева Гүлсая мен Әділханова Нұргүлдің ұйымдастыруымен «Жеңіс күні балалардың көзімен» тақырыбында 3-сыныптар арасында сурет байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты:
- Оқушылардың Отанды сүюге, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігін құрметтеуге тәрбиелеу;
- Жеңіс күнінің тарихи маңызын терең ұғындыру және балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- Оқушылар сурет салу барысында өз қиялы мен көркемдік талғамын еркін білдіре отырып, тақырыпты жан-жақты ашуға тырысты.

