Наурыз айы-жаңару мен ізгілік мерекесі ғана емес, қайырымдылық пен мейірімділіктің символы.

Наурыз айы-жаңару мен ізгілік мерекесі ғана емес, қайырымдылық пен мейірімділіктің символы. Бұл айда адамдар бір-біріне қамқорлық көрсетіп, көмек қолын созуға ерекше мән береді.Сонымен бірге қасиетті Рамазан айымен тұспа-тұс келген мерекеде мектебіміздің 10-сынып оқушылары тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Есқуатова Айнұрмен бірге Ақтау қаласындағы балалар үйіне барды.
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға мейірім мен көңіл бөліп, театрландырылған көрініс қойып, қаржылай көмек көрсетіп, аз да болса жылулық, қуаныш сыйлады.
Оқушыларымыздың жасаған игі істеріне балалар үйінің мамандары риза болып, алғысын айтты.