• Новости
  • Школьникам
  • Родителям
  • Питание
+7 (7292)2-23-62
×
  • Главная
  • О школе
    • Администрация
    • Наши учителя
    • О школе, история
    • Контакты
  • Воспитательная работа
    • План воспитательной работы
    • Летний отдых
    • Рекомендации психолога школы
    • Акция «Дорога в школу»
  • Мероприятия
  • Учебная деятельность
    • Планы
    • Отчеты
    • Вакансии
    • Открытые уроки
  • Наши достижения
  • Открытый орган
    • Попечительский совет
    • Противодействие коррупции
    • Государственные услуги
25.03.2026moderБез рубрики

Мектебімізде “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасының “Заң және тәртіп” құндылығы аясында “Мектеп, ата-ана, бала және қоғам” тақырыбында  ата-аналарға ашық есік күні ұйымдастырылды. Мектеп,ата-ана, бала және қоғам арасындағы ынтымақтастықты нығайту, құқықтық мәдениетті  қалыптастыру және жас ұрпақты жауапкершілікке тәрбиелеу;

Мектеп директоры Абишова Жанар Абишовна келген қонақтарды таныстырып,  мектептің білім сапасы мен оқу жетістіктері, білім сапасын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті. 

Ашық есік күніне дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының оқу ісі жөніндегі орынбасары Садыкова Раиса Изимбергеновна қатысып, 6-сынып оқушыларын аталған білім ордасында білім алуға шақырды. Ол өз сөзінде оқушыларға сапалы білім алудың маңыздылығын түсіндірді.

Аудандық ПБ бастығының  бірінші орынбасары Д.Шойынбаев  интернеталаяқтықтың алдын алу және жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында  оқушыларға қауіпсіз интернетті пайдалану ережелері түсіндіріліп, алаяқтардың арбауына түспеу жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, құқықбұзушылықтың салдары мен жауапкершілігі жөнінде кеңінен ақпарат беріліп, заң талаптарын сақтау қажеттігі ерекше атап өтілді. 

Түпқараған гумантарлық-кәсіптік колледжінің аға оқытушысы Адилханова Гүлжан сұранысқа ие мамандықтар, еңбек нарығындағы өзгерістер және әртүрлі кәсіби бағыттардың ерекшеліктері, колледжде оқытылатын мамандықтар туралы ақпарат берді.

Аудандық жедел құтқару жасағының мамандары суда қауіпсіздік сақтау және судағы төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша практикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Судағы қауіпсіздік ережелері таныстырылып,суға кету жағдайында алғашқы көмек көрсету тәсілдері көрсетілді. 

Ашық есік күні барысында ата-аналар пән мұғалімдері және сынып жетекшілермен кездесіп, өз балаларының білімі мен тәртібі туралы пікір алмасты. Ата-аналар ашық есік күні барысында QR код арқылы өз пікірлері мен  ұсыныстарын білдіріп, кері байланысын жасады.

+7 777 777 7777

info@school.kz

Государственное учреждение

Соңғы жаңалықтар

  • Мар 25

    Мектебімізде “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасының “Заң және тәртіп” құндылығы...

© 2026